Сауд Арабиясы флагмандық араб мұнайының Азияға ресми сату бағасын (OSP) көтерді, кейін мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбі күнгі ерте саудада Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 121,52 долларға дейін көтерілді. Өсім 1,5%-ды құрады. West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері үш айдағы ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін 1,4 пайызға қымбаттап, барреліне 120,50 долларды құрады.
Сауд Арабиясы өзінің флагмандық араб мұнайының Азияға ресми сату бағасын (OSP) Оман мен Дубайдың орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда 6,50 долларға өсірді. Ол жерде маусым айында қосымша ақы $4,40 болды, деп хабарлады Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы.
Газет атап өткендей, бұл ОПЕК+-тің шілде және тамыз айларында тәулігіне 648 мың баррельге немесе бұрын жоспарланғаннан 50 пайызға артық өндіруді ұлғайту туралы жуырдағы шешіміне қарамастан жасалды.
”Адырна” ұлттық порталы