Қазақстан халықтың газбен қамтылуы бойынша бірінші орынды иеленді

2406
Adyrna.kz Telegram
Фото: epravda.com.ua
Фото: epravda.com.ua

Халық үшін газдың қолжетімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан бірінші орында, ал Ресей екінші қатарда. Бұл рейтингті РИА Rating сарапшылары дайындаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Халықтың газбен қамтылуы бойынша бірінші орынды Қазақстан иеленді. Оның орташа тұрғыны орташа айлық жалақысына 8,6 мың текше метр газ сатып ала алады. Мұндағы жалақы салыстырмалы түрде төмен, бірақ газ бағасы рейтингке қатысқан барлық елдердің ішіндегі ең төмені. Екінші орынды 7,4 мың текше метрмен Ресей иеленді”, делінген жазбада.

Үздік бестікке Ұлыбритания, Люксембург және Австрия да кірді. Бұл елдердің тұрғындары 3,9 мың текше метрден астам газ сатып алу мүмкіндігіне ие.

Молдова тұрғындары газды ең аз сатып ала алады: орташа жалақыға – 858 текше метр. Бұл жетекші Қазақстанмен салыстырғанда он есе аз. Молдовадан бөлек Болгария, Грекия, Румыния және Босния және Герцеговина да аутсайдерлер қатарында. Бұл елдердің тұрғындары айына 1,4 мың текше метрден аз газ сатып ала алады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер