Талдықорғанда көлік жарылып, бір үйді қиратты

1038
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда газ-баллон жабдығы бар автокөлік жарылып, тұрғын үйді қиратты. Бұл туралы оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Туыстарымыздың көлігі жарылып кетті. Енді жақындарымыз қыста баспанасыз қалды. Өте қиын жағдай. Енді оларға жөндеу жұмыстарын жасап, үйді қалпына келтіру керек", – дейді видео авторы.

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 наурызда Талдықорғанның Еркін ауылында гаражда тұрған көліктің газ жабдығы жарылған.

"Хабарлама 07:06-да түсті, оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жіберілді: 20 адам, 6 техника. Кейін 50 шаршы метрлік шаруашылық құрылыс нысандары жартылай қирады. Өрт болмаған", – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Ресми деректерге сәйкес, бір адамның зардап шеккен. Ол ауыр тұрақты жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер