Алматы облысында қатты cел жүріп, 5 жасар қыз жоғалып кетті

2952
Adyrna.kz Telegram
Фото: Төтенде жағдайлар департаментінен
Фото: Төтенде жағдайлар департаментінен

Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыз із-түссіз кетті.  Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабаплайды “Адырна” ұлттық порталы.

Текелідегі селдің қатты болғаны сонша, лай су қала көшелері мен үйлерді бүлдірген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

"Сағат 12: 00-де Қонаев көшесі бойынша 350, 348 үйлер ауданында топырақтың қатты ылғалдануы нәтижесінде көшкін жүріп, тұрғын үйлерге балшық басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы хабар-ошарсыз кеткен. Жергілікті атқарушы органдар мәселені жою жөнінде жедел штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшірілетін болады", - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Әзірге оның өміріне қатысты нақты ақпарат жоқ. Селден қандай шығын келгені әзірге белгісіз. Оқиға орнында мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер