Байден: "Украинаға 33 млрд доллар қаржы бөлейік"

1881
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға көмек көрсетуді арттыру үшін Конгресстен қосымша 33 миллиард доллар бөлуді сұрады. Конгресс сұранысты жылдам қарастыруын өтінді.  

"Сұранымды жылдам қарастырып, тез мақұлдау аса маңызды", -  деді Байден. Ол бұл қаржыны не үүшін сұрағанын да айта кетті.

"Біз Ресейге шабуылдамаймыз. Біз Украина өзін қорғауы үшін оған  барынша көмектесіп жатырмыз. Путин бұл қанқұйлы шабуылын тоқтатуға шешім қабылдай алады", - деп сөзін түйіндеді.  Қаржының 20 млрд доллары қорғаныс саласына жұмсалмақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер