АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ленд-лиз бағдарламасы бойынша Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Украина мен Шығыс Еуропаның басқа да елдеріне қорғаныс құралдарын беру механизмін жеңілдетуді көздейтін жобаға конгрессмендердің көпшілігі дауыс берген. Сенат құжатты сәуірдің басында мақұлдаған, енді заң жобасы қол қою үшін АҚШ президенті Джо Байденге жіберіледі.
Конгресстің қос палатасы да мақұлдаған ленд-лиз туралы заң Украинаға әскери көмек көрсетуді жеңілдетуге арналған. Ол "қорғаныс техникасын беру бойынша президент өкілетіне қатысты талаптарды уақытша алып тастайды", делінген АҚШ Конгресі сайтындағы құжатта.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Конгресске Украинаға жаңа көмек ретінде қосымша 33 миллиард доллар бөлу туралы өтініш жолдаған.
“Адырна” ұлттық порталы