"Қинап алып кетуде": жас жігіттерді әскерге мәжбүрлеген видеоға министрлік жауап берді (ВИДЕО)

6040
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілер мен қоғамдық парақшаларда шымкенттік жігітті көлікке қинап отырғызып жатқан видео тарап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

"Шымкентте жігіттерді қалай күшпен әскерге алып кетеді?! Бұл сұмдық. Оларды көшеден алып кетуде, тіпті ата-анасына телефон соғуға да мүмкіндік бермейді!" – дейді куәгер.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Сәуірдің 22-сі күні Шымкентте қорғаныс ведомстволарының шақыртулары бойынша келмей, әскерге шақырудан жалтарған әскери қызметшілерге іздеу жүргізілді. Соның нәтижесінде стансаға 6 мерзімді әскери қызметші әкелінді.

"Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскер қатарына шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағымдар түскен жоқ. Шақыру қағазын алған әскерге шақырылғандар шақыру учаскелеріне медициналық комиссиядан өтуге келмейді", - деді министрлік.

Медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейді, деп еске салды Қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, әскерге шақырудан жалтарғандарға заң аясында ғана шара қолданылып жатқанын айтқан болатын.

Пікірлер