“Арман Жұмагелдиевпен ешқандай байланысым жоқ”: Қайрат Құдайберген Қазақстан халқына үндеу жасады

991
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Қазақстан халқына үндеу жасады. Желіде қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінген Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен байланысын жоққа шығаратын хат таратуда.

«Айыптаулардың ешқайсысы тіпті 1% шындыққа сәйкес келмейді. Мен ешқашан криминал авторитет Арман Жұмагелдиевпен ешқандай байланысым жоқ. Мен оны алғаш халықты татулыққа шақыруға келген алаңда көрдім», – деп жазады Құдайберген.


Orda.kz сайтының сауалына Қайрат Құдайберген де Арманмен таныс емес екенін, бірақ онымен алаңда кездесіп, жұртты жұбату үшін өзі келгенін айтты. Екеуі де сол жерде бейнекамераларға түсіп қалған. Мәслихат депутаты енді Жабайы Арманмен араласпайтынын айтты.

Айта кетейік, сәуірдің 22-сі күні таңертең Құдайберген ағымдағы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратураның мәліметінше, Құдайберген Жұмагелдиевпен (Жабайы Арман) бірге адамдарды «Қазақстан» қонақүйіне жинаған. Онда Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдауға, билікке ортақ талаптар қоюға шақырған.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket