Енді оқушыларға 4 млн теңгеге дейін бір реттік төлем жасалады

2466
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық байқаулар мен пән олимпиадаларында жеңген оқушыларға 4 млн теңгеге дейін бір реттік төлем жасалатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Бұл заңға Президент қол қоюы қажет. Президент қол қойса, шара дереу іске асатын болады. Биылғы жылы халықаралық додалардың, олмпиадалардың жеңімпаздары болса, осы мүмкіндікке ие болады. Яғни, бір уақыттық төлемдер 4 миллион теңгеге дейін жетеді. Екіншіден, олардың тәлімгерлеріне де берілетін қаржы бар. Үшіншіден, осы балаларға арнайы гранттар беру мәселесі қаралды», – деді Асхат Аймағамбетов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

«Түрлі дүниежүзілік деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға түсу мүмкіндігін де қарастырдық. Бұл – өте жақсы мәселе. Өйткені, қараңыздар, химияны керемет білетін бала Менделеев олимпиадасынан жеңіспен оралды делік. Бірақ ол ҰБТ-ға барғанда қазақ тілін де, тарихты да, химияны да білуі керек болады. Сондықтан біздің айтып отырғанымыз – осындай балалардан айырылып қалмауымыз керек. Заңға түзетулер енгізілді. Бұл – 10-20 жылдан бері халық көтеріп жүрген мәселелердің бірі. Бұл мәселе шешімін тапты деп ойлаймын», – деді министр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер