"Қаңтар бүлігіне" қатысқандарға $20-дан $100-ға дейін ақша төленді - Бас прокуратура

3386
Adyrna.kz Telegram
Фото: proxy-tut.herokuapp.com
Фото: proxy-tut.herokuapp.com

 "Қаңтар бүлігіне" қатысқаны үшін $20-дан $100-ға дейін төленді, деп мәлімдеді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов. Бұл туралы  "Адырна" ұлттық порталы"ҚазТАГ" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тергеу белсенді жүргізілуде. Мәселен, Алматы облысында Талдықорған қаласында тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен «О» және «Н» азаматтары анықталды. Бүлікке қатысқаны үшінбір адамға $20 - дан $100-ға дейін төленді», - деді Қилымжанов сейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, «бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген тұлғалардан жауап алу арқылы расталады».

«Жамбыл облысының тұрғыны Алматы қаласында 2022 жылдың 4 қаңтарында Telegram арнасын ашып,  бірнеше сағат ішінде бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы Telegram арнасы арқылы оның қатысушылары баррикадалар құру, Молотов коктейльдерін жасау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсету және ғимараттарды басып алу туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық алды. Одан кейін 5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысы және олардың Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға шабуылын түзету туралы ақпарат көрсетілген арна арқылы жіберілді», - деді қадағалаушы орган өкілі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер