Еурокеңес басшысы: Ресей сөзсіз дефолт болады

3103
Adyrna.kz Telegram
Фото: infosmi.net
Фото: infosmi.net

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары әр апта сайын ел экономикасына терең дендеп жатқанын, соған орай дефолт тек уақыт еншісінде екенін айтты, деп хабарлайды Tagesspiegel. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап жазады.

Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Ресейде жүздеген ірі компания жұмысын тоқтатқан, ал ЖІӨ төмендеуі жақын арада 11 пайызға жетеді. Сондай-ақ, ол Еуроодақ санкциялары жеңіл деп санамайтынын айтты.

"Санкциялар апта сайын Ресей экономикасына терең дендеп жатыр. Ресейге тауар экспорты 70 пайызға төмендеді. Ресейлік 700 ұшақтың қосалқы бөлшектері мен бағдарламалық жасақтамасы жаңартылмауына байланысты лицензиясынан айырылды. Ресейдің мемлекеттік банкроттығы - тек уақыт мәселесі", - деді фон дер Ляйен Bild am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер