БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Халықтың мүддесі мен құқын қалпына келтіру жолындағы күресімізді тоқтатпаймыз

3417
Adyrna.kz Telegram

Осыдан біраз уақыт бұрын, яғни 7 ақпан 2022 жылы менің фейсбукке салған жер дауы бойынша мақаламды оқып, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев шұғыл Алтынтөбе ауылы округінің халқымен жиналыс өткізуге келді. Мен жердің талап арыз құжаттарын сотқа өткізу жұмыстарымен бұл жиналысқа жарты сағатқа кешігіп келдім. Мен жиналысқа жеткенше біраз әңгіме айтылып қалған екен. Оның бәрін бейнежазбалардан қарап шықтым.

Бейнежазбалардағы негізгі фрагменттерге қарасақ, Арекеңнің сөзі былай:

1. Мен сіздерге қазіргі "Біз сіздерге Жер Кодексіне сәйкес жерді бере алмаймыз" деп отыр. Оны мынау бейнежазбадан қараңыздар. Арекеңнің айтуы бойынша 30 жыл бойы өзінің жер үлесін ала алмаған, құқы тапталған халыққа ҚР Жер кодексіндегі заң нормалары бойынша жері берілмейді. Заң нормаларына сүйеніп, халыққа өзінің жер үлесі берілмесе, онда бұл заңсыз беріледі. Баяғы ырду-дырду қайта жалғасын табады деген сөз.

2. Арман Абдуллаев мырза Үкіметтің қаулысын шығарып, жерді үлестіреміз деп отыр. Осы уақытқа дейін үкіметтің пәленбай қаулысы шығып, біздің жеріміз әркімнің меншігіне өтіп, құқымыз тапталған күйі қалған. Жерді бір біріне сілтеп лақтырған үкіметтік ұйымдардың барлық қаулысы мен жалған құжаттары біздің қолымызда тұр. Сондықтан біз үкіметтің қаулысы деген дүниеге ешқашан да сенбейміз.

3. Арман Абдуллаев қазіргі Жер Кодексіндегі баптарда жерді үлестіріп беру қарастырылмаған деп тағы да айтып отыр. Арман мырза осыдан біраз уақыт бұрын (шамасы 8-9 ай бұрын) халықпен кездесуінде (бейнежазбалары сақталып тұр) ҚР Жер Кодексіндегі 103-бап Алтынтөбе ауылы округіне қарастырылмаған деп кеткен. Соны тағы да қайталап отыр. Демек, аудан әкімінің пайымынша, Алтынтөбе ауылы округінің жерлері Қазақстанның территориясына кірмейді деген сөз. Мүмкін, Өзбекстанда шығар, мүмкін Түркіменстанда шығар. Оны заң бойынша анықтаймыз.
Ал ҚР Жер Кодексіндегі 103-бабының 1-бөлігінде: "1. Жекешелендiрiлетiн мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерiнiң, сондай-ақ зейнеткерлер мен осы ұйымдардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсету салаларында iстейтiн және олардың аумағында тұратын адамдардың шартты жер үлесiне құқығы бар"-деп, тайға таңба басқандай етіп көрсетіліп тұр. Заң былай десе, әкім былай дейді.

Дәл осы фрагменттер айтылып жатқан кезде мен аудандық сотқа талап арыз өткізіп келе жатқан едім. Мен келіп, қатысқаннан кейін мынадай мәтіндегі сөздерді аудан әкімінің аузынан естімедім.

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтып отырған сөзін төмендегі бейнежазбалардан қарап шығыңыздар.

ҚР Конституцилық заңдарында жер даулары тек қана, тек қана, тек қана, тек қана, тек қана, тек қана, тек қана сот арқылы ғана шешіледі. Бұл жайында ҚР Жер Кодексінде 15 жерде заң нормаларымен сілтеме келтірілген.

Қазығұрт аудандық соты қазір біздің үшінші талап арызымызды қайтарып тастады. Облысқа апелляциялық шағымдарды жолдап отырмыз.
Біз 30 жыл бойы құқы тапталған халықтың конституциялық құқын ретке келтіру жолында, халықтың құқы мен мүддесіне қарсы жұмыс жасаған, жерін сатып, нормативтік-құқықтық актілерге қол қойып, әділетсіздікке жол берген, қасақана заңсыздықтарды іске асырған кезіндегі басшыларды заң алдында жауапқа тарту жолында күресімізді тоқтатпаймыз.

Құрметті, Қазақстанның жоғарғы билігіндегі лауазымды басшылар!

Біздің Алтынтөбе ауылы округінің жерін халыққа белгісіз корпорация меншіктеп алып, жерлері бөліске түсіп, азаматтары тергеуге тартылып, сотталып жатыр. Әділеттің орнап, тапталған халықтың құқын ретке келтіру жолында сіздерден көмек сұраймыз.

Алтынтөбе ауылы округінің азаматтары жер дауы бойынша Қазығұрт аудандық сотына 3 рет талап арыз түсірді. Қазығұрт аудандық соты үшеуін де қараусыз қалдырып, кері қайтарып жіберді. Біз 30 жыл бойы құқы тапталған халықтың мүддесі мен құқын қалпына келтіру жолындағы күресімізді тоқтатпаймыз. Әділдік орнағанша күресеміз.

Пікірлер