Ғалымдар Жерден басқа ғаламда да тіршілік болуы мүмкін екенін айтты

1042
Adyrna.kz Telegram
Фото: Cambridge University
Фото: Cambridge University

Кэмбрижд университетінің ғалымдары K2-18b экзопланетасында тіршілік болуы мүмкін деген шешімге келді. Бұл туралы мақала The Astrophysical Journal Letters басылымында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ғалымдар «Джеймс Уэбб» телескопымен экзопланетасына үңілгенде Жер бетіндегі тірі ағзалар шығаратын диметилсульфид пен диметилдисульфидті газын анықтаған. Бұл газ көп болғандықтан «K2-18b экзопланетасында тіршілік қайнап жатыр» деген тұжырым бар.

Ғалымдар K2-18b экзопланетасын «Супер Жер» деп атайды. Себебі оның көлемі Жерден екі жарым есеге үлкен. Әрі Жерден 11 трлн км жерде жатыр. Қазір адамзатта бұл қашықтықты еңсерер ұшақ я ракета жоқ.

Ғалымдар DMS және DMDS іздері K2-18b атмосферасында «белгісіз химиялық процестің» нәтижесінде де пайда болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл органикалық қосылыстардың Күн жүйесінен тыс кездейсоқ пайда болу ықтималдығы 0,3% құрайды, алайда ғылыми жаңалық ретінде растау үшін бұл көрсеткіш 0,00006%-дан төмен болуы керек.

«Қазір бұл бізде бар ең сенімді дәлел — бір жерде өмір бар болуы мүмкін. Мен бұл дәлелді бір-екі жыл ішінде нақты растай аламыз деп шынайы түрде айта аламын», – деді зерттеу жетекшісі Мадхусудхан BBC медиакомпаниясына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер K2-18b-да тіршілік бары расталса, «біз бұл арқылы галактикамызда өмір кең таралған дегенді іс жүзінде растаймыз».

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер