Путин Қадыровқа генерал-лейтенант шенін берді

4077
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа «генерал-лейтенант» әскери атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Шешенстан Республикасы Парламентінің төрағасы Магомед Даудов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

«Құрметті достар! Қымбатты ағам, Шешенстан Республикасының басшысы, Ресей Батыры Рамзан Ахматұлы Қадыровты Ресей Президенті, Жоғарғы Қолбасшы Владимир Путиннің Жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймын!" деп Даудов өзінің телеграм-каналында жазды.

Сондай-ақ ол Шешен Республикасындағы халықаралық лаңкестікке қарсы жеңіске және Ресейдің тұтастығын сақтауға Қадыровтың қосқан үлесін бағалмай қалуға болмайтынын атап өтті.

Бұған дейін Қадыров отбасындағы ер адамдардың барлығы қазір Украинада екенін және Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына қатысып жатқанын айтқан. Ресей президенті Владимир Путин бұл Украинаны демилитаризациялау және деницифакциялау үшін жасалған мәжбүрлі шара екенін атап өтті. Оған НАТО-ның кеңею қаупі және Украинадағы ядролық қарудың дамуы себеп болды. Киев Минск келісімдерін де бұзды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер