Арман Шораев қазақтарды "ұлтшылдар" деп кінәлайтындарға жауап берді (ВИДЕО)

12002
Adyrna.kz Telegram

Қоғам қайраткері әрі кәсіпкер Арман Шораев белгілі медиа менеджер Арманжан Байтасовтың Baitassov LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында қазақтарды "ұлтшылдар" деп кінәлайтындарға жауап берді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

"Олар бізде ұлтшылдар бар дейді. Кешіріңіз, Ресей азаматтығын алу үшін сіз орыс тілінен емтихан тапсыруыңыз керек. Қазақстанда мұндай жоқ қой. Әлі күнге дейін бұл талап қойылмады. Сонымен біздің қайсымыз көбірек ұлтшыл екенбіз? Латвияда да Латвия азаматының және азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты бар. Яғни, Латвия азаматы атану үшін латыш тілінен емтихан тапсыру қажет. Егер Латвияның тарихын білмесең, Латвия азаматының төлқұжатын ала алмайсың. Бізде ондай жоқ. Сондықтан, менің ойымша, бұл айыптаулардың бәрі негізсіз", - деді Арман Шораев.

Оның айтуынша, еліміздегі барлық этнос өкілдерін тек қазақ тілі біріктіреді.

"Бізді тек өте әдемі, көркем әрі бай тіл - қазақ тілі ғана біріктіре алады. Менің ішімде бір емес екі адам бар. Мен қазақ тілін жетік білемін, тарихымды танимын және онымен мақтанамын. Елімізде тұратын кез келген адам, кез келген ұлт өкілі оны үйрене алады деп ойлаймын. Егер ол қазақ тілін жетік меңгерсе, қазақ бұл кісіні ең құрметті орындарға отырғызатын болады. Оған ең дәмді деген тағамдарды ұсынып, сый көрсетеді. Сондықтан, мен бұл жерде артықшылықтардан басқа, ешқандай кемшілік көріп тұрғаным жоқ", - деп мәлімдеді қоғам қайраткері.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер