Мамбеты! Ұйғырлар көздеріңді ашты - ұйғыр қызы Адилям Ушурова

2571
Adyrna.kz Telegram

«Жаман үйді қонағы билейді» деген – осы. Адилям Ушурова есімді ұйғыр қызы ұлтымызды қорлай бастады. Оның: «Мамбет, твой народ (қазақтарды айтып отыр-авт) кроме бесбармака ничего не знал. Уйгуры вам глаза открыли… Надо вас нахуй в горы гнать. Чтобы навоз жрали» – дегені шектен шыққан сөз болды. Оның айтуынша, қазақты оқытып, тоқытып көзін ашқан да ұйғырлар екен. 

Бұл ұйғыр қазаққа «как изгои общества» деп қарайтын секілді. Адилям Ушурованың ашықтан ашық, осылайша ұшына сөйлеп отырғаны – мемлекетіміздің ішкі ұлтаралық қатынаста жіберіп отырған қателігінің жемісі.

Ол өз сөзімен – Қазақстанда жетекші ұлт қазақ емес, қожайыны сырттан келгендер екендігін, Қазақ Үкіметінің өзгелердің алдындағы дәрменсіздігін, заңның орындалмайтынын, бізде барлығын ақша шешетінін тағы дәлелдеп берді.

Ал, бұған арланып жүрген біздің шенеуніктер жоқ. Оларға айтсаң «ойбай, бауыздаса да үндеме, Қазақстанда 100-ден астам ұлт тұрады, олардың көңіліне қарау керек» деп шулап қоя береді. Сонда қазақтың мүддесін кім көтереді?

Тарихтан белгілі, Адилям секілді сепаратистік пиғылдағы жандар белгілі бір ұлт жөніндегі әрдайым өзінің қанында бар ескілік соқыр сенімді ауық-ауық әдейі қоздырып отырған. Бұл ұйғыр әйелінің (субъектінің) іс-әрекетінің астарында не жатқанын, кімнің саясатын жүргізіп жүргенін жедел анықтауымыз қажет.

Бұл – оның өз сөзі емес, ортасының сөзі. Оның ортасы мен жебеушілері кімдер? Оның артында ішкі қолдаушылары мен сыртқы күштер тұруы да мүмкін. Мұнымен ҰҚК-і айналысуы керек.

Себепсіз салдар болмайды, кезінде Шелектегі ұйғырлардың: «Мемлекет сіздердікі болғанымен, жер біздікі» – дегенін, 2000 данамен «…История Уйгурской державы» кітабын таратып қазақ жерін даулағанын да ұмытқан жоқпыз. Ұйғырлардың Алматы облысын сұрауы бірінші рет емес.

1986 жылы 19 желтоқсанда қазақтардың биліктен айырылып, жазалау науқанына ұшырай бастағанын, елдегі қалыптасқан жайды қолайына пайдаланып қалуға тырысқан ұйғырлардың бір тобы сол кезде: «Алматы ұйғырлардың мекені, біз бұл жерде ұйғыр автономиясын құруға тиіспіз, осы жолда бізге көмек етуіңізді сұраймыз» деген («Интервью.kz»,17.11.06) мазмұнда Горбачевке хат жазғаны белгілі. Олардың «Иени хаят» газеті бұл аймақты ұйғырлардың жері, қазақтар оны басып алған деп жазып келді.

Айтарым, қазақтарды сырттан қоныс аударып келгендердің қайта-қайта арандату әрекеттері алаңдатады. Қытайдан босып қашып келіп, енді тойынғасын су ішкен құдығына түкіріп жатыр.

Оның ұлтыма айтқан ауыр сөзі жанымды ауыртты, қатты күйзелтті. Әйтсе де, шыдамның да шегі бар, қазақты ашындыра беруге болмайды. Бұған Желтоқсан, Жаңа Өзен, 1991 жылғы Орал оқиғасы, Маятас, Маңғыстау мен Атырауда қайталанған оқиғалар куә.

Ниеті қара пенделердің ұлдарымызды құл, қыздарымызды күң етіп, халқымызды қорлауына жол жоқ. Халқымыздың ар-намысын ту етіп алып жүре алмасақ елдігіміз де, құнымыз да бір тиын.

Ендеше, өзін үстем санап, екінші ұлтты қорлаған, басып-жаншуды, «дискриминация» мәселесін қоздырғаны үшін ҚР-ның заңына сәйкес жоғарыдағы постты жазғандардың үстінен қылмыстық іс көтерілсін.

Мұндай арандатушыларды заң аясында тезге салмасақ, біз ұлтаралық жарылыстарға куә боламыз.

Нұрлыбай Қошаманұлы
Ақтөбе қаласы

P.S. Бүгінде Нұрлыбай Қошаманұлы Адилям Ушурованың жазған сөздеріне қатысты Алматы облыстық прокуратурасына шағым түсіріп үлгерді

________________________________________________________________________________________________________________________________

matritca.kz

Пікірлер