«Қара» майнерлердің Назарбаев, Клебанов, Шәріпбаев және Нығматулинмен байланысы бар болып шықты

2917
Adyrna.kz Telegram

Қызметін тоқтатқан тау-кен компанияларының арасында Болат Назарбаев, Александр Клебанов, Ерлан Нығматулинге қатысы бар компаниялар бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің бүгін жарияланған есебінде айтылады.

Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 55 кен өндіруші шаруашылық өз еркімен жұмысын тоқтатты.
Олар жұмысты толығымен тоқтатып, техниканы бөлшектеп, орналастыру орындарынан алып тастады.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аталған техниканың қайталама айналымға тартылуының алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысын тоқтатқан тау-кен компанияларының арасында Павлодар облысындағы белгілі кәсіпкерлер Болат Назарбаев пен Александр Клебановқа қарасты фирмалар бар.
Сондай-ақ, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының Ақтөбе облысындағы экс-төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен Қарағанды ​​облысындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нығматулин.

Осымен қатар 51 кен өндіруші шаруашылықтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Олар өз қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттары жоқ энергия көздеріне заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған, деп хабарлайды AFM.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер