"Мен өзім баруға дайынмын": Саиров Бас прокурорға үндеу жолдады

2507
Adyrna.kz Telegram
Ерлан Саиров Бас прокурор Асыловқа үндеу жолдады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Өскемен қаласында Өскемен мен Семей қалаларында «жаппай тәртіпсіздікке» қатысты деген күдіпен бүгінде 103 адам түзету орындарында жатыр. Көпшілігі жас, балғын азаматтар.
Мен өзім, сол азаматтардың ата-ана, туған-туыстарымен кезігіп, облыстық прокуратура өкілдерімен кездестірдім. Көпшілігі «ұсақ бұзақылық» фактілерімен ұсталған. Дегенмен, барлығына «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» ұйымдастыру деген айып тағылып отыр. Көпшілігіне дәлел толық жиылмаған. «Дәлел іздеп жатырмыз» деген жауап аламыз! Дегемен, 103 адам екі ай болды болды қамауда ұсталуда.
Мен тізім бойынша студент, жас балаларды менің «поручительствома» жіберіңдер деп те сұрадым. Облыстық прокуратура ешқандай мардымды жауап бермейді. Егер өрескел заң бұзғандар, құқық қорғаушыларға қол көтергендер болса, жазасын алсын, бірақ «асыра сілтеу» болмасын. ШҚО прокуратурасына Бас прокуратура өкілдерімен бірігіп комиссия құрып, әр-бір істі жіті тексеріп, заңдылық, гуманизм тұрғысынан шешім қабылдау қажет. Мен өзім баруға дайынмын. Ертең ата-ана, туған-туыстардың көз жасын ешкім ұтпайды" деп аяқтады сөзін Ерлан мырза.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер