ЕО көшбасшылары Украинаның одаққа кіру туралы ұсынысын қолдады

3372
Adyrna.kz Telegram

Париждегі Версальда Еуроодақ саммиті өтті. Онда ЕО көшбасшылары мен Брюссель өкілдері Киевті қолдау және Мәскеуге қарсы санкциялар енгізу мәселесін қарады деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы euronews.com. сайтына сілтеме жасап.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Украинаның Еуроодаққа кіру бойынша шұғыл ұсынысы. Бұл идеяны шығыстағы мүше елдер қолдап жатыр. Бірақ бірқатар мүшелер бұл процедураның айтарлықтай көп уақыт қажет ететінін алға тартуда. Себебі, одаққа кіру кезегін тосып жүрген елдер жетерлік.

«Еуроодаққа кіру кезегінде бірнеше ел көптеген жылдар бойы тұр. Олар мүшеліктің критерийіне сәйкес келу үшін көп нәрсе жасаған. Қазір Нидерланды мен Украинаның иық тірестіріп тұрғанына ешкімнің күмәні болмасын. Бірақ бізде ұйымға қосылуды жеделдету деген түсінік жоқ», – деді голландық премьер-министр Марк Рютте.

Сонымен қатар, блоктың ресейлік энергия көздеріне тәуелділігін жеңу жолдары да талқыланды. Оны сатып алуды жыл соңына дейін үштен екіге қысқарту ұсынылды. Көшбасшылар біртіндеп басқа жеткізушілерге немесе басқа көздерге ауысу қажеттігімен келісті.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер