"Біз Қазақстан халқымен біргеміз". Украиналық оқушылар қолдау білдірді

1594
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстанның Украинадағы елшілігінен
Фото: Қазақстанның Украинадағы елшілігінен

Украиналық оқушылары Қазақстандағы апатқа байланысты қолдау білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Григорий Ващенко атындағы №144 Киев лицейінің оқушылары мен педагогтарымен кездесті.

"Кездесуге Украина Жоғарғы радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыс жөніндегі депутаттық тобының жетекшісі Сергей Нагорняк та қатысты. Кездесу кезінде украиналық оқушылар су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қазақстан халқына шынайы қолдау сөздерін жеткізді. Лицей өкілдері зардап шеккен өңірлердің тезірек қалпына келуін тіледі", – делінген елшілік хабарламасында.

Украиналық оқушылар қазақ достарына арнап тілек білдірді. Өз кезегінде елші кездесуге қатысушыларға су тасқынына байланысты қолдау мен жанашырлық білдіргені үшін алғысын да білдірді.

Пікірлер