Қырғызстанда балаларды қаққан көліктің жүргізушісі ұсталды

8447
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kaktus.media
Сурет: kaktus.media

Қырғызстанның Созақ ауданындағы 29 оқушыны қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күдіктінің 48 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Ер адам көлігін тұраққа қойған, алайда оның қозғалтқышын өшірмеген. Салдарынан «Портер» жүк көлігі ылдиға қарай құлдилап, балаларды қағып кеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендер санының 25-тен 32-ге дейін өскенін мәлімдеді. Олардың арасында бір мұғалім бар. Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Айта кетейік, оқыс оқиға 2 мамыр күні Жалалабад облысында болған еді. Қазіргі таңда бұл істі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев пен ІІМ басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов бақылауға алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер