Қырғызстандағы Жеңіс күні өтетін «Мәңгілік полк» акциясы тоқтатылды

714
Adyrna.kz Telegram
Фото: centralasia.news
Фото: centralasia.news

Қырғызстанда  Жеңіс күні дәстүрлі түрде өтетін «Мәңгілік полк» мемориалдық шеруі болмайтын болды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шеру тоқтатылды. Бұл туралы Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл шешім қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу үшін қабылданған.

“Билік заң бұзу қаупін азайту үшін барлық мүмкін шараларды қолдануды жоспарлап отыр. Ішкі істер министрлігінің басшылығы ел тұрғындарын бұл шешімді түсіністікпен және төзімділікпен қабылдауға шақырады” делінген ақпаратта.

Бұған дейін «Өлмейтін полк» акциясы Қырғызстанның алты елді мекенінде, соның ішінде Бішкекте өтеді деп жоспарланған. Акцияның елордадағы үйлестірушісі Зульфира Хайбуллина басты орындар ретінде Жалал-Абад, Қара-Балта және Ош қалалары, сондай-ақ екі ауыл – Ленинское және Ивановка болуы тиіс екенін хабарлады. Сондай-ақ акцияны ұйымдастырушылар азаматтарды өз қалалары мен ауылдарында шерулерді өз бетінше ұйымдастыруға шақырды.

Пікірлер