Бәріміз дін дейміз, намаз оқимыз, жұрт қаптап мешітке барады, ал оның ішіндегі санасы қандай, оны ешкім білмейді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған 18 кітаптың салтанатты тұсаукесер шарасында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Елбасы әлемдегі дәстүрлі дін өкілдерінің съезінде жиналған уақытта да осы мәселе айтылатынын атап өтті.
«Алайда, бұған қарамастан, дін ішінде қандай соғыстар жүріп жатқанын қараңыздаршы. Қазірдің өзінде мұсылмандар арасындағы қырғын соғыс Еуропаның орта ғасырдағысымен бірдей. Париждегі католиктер мен протестанттардың арасындағы соғыс қазір шииттер мен сунниттердің арасындағы соғыс сияқты. Сол уақытты қазір біз бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан, діннің тарихын білу арқылы басқа жолға түсіп кеткен білімсіз жастарға түсіндіре алатын біздің діни қызметкерлер үшін құндылық болып саналады. Жалпы, барлығымыз білуіміз керек. Себебі, бәріміз дін дейміз, намаз оқимыз, жұрт қаптап мешітке барады, ал ішіндегі санасы қандай, оны ешкім білмейді. Құр әншейін елмен бірге шуылдап жүре беру керек деп санайды. Олай емес. Әрқайсысының өз мағынасы бар, дүниежүзінде ол мәселе талданған», - деді Назарбаев.
________________________________________________________________________Baq.kz