Түркіменстаннан Қазақстанға 200-ден астам қазақ көшіп келмек

3016
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанға қандастарымыз қайта оралмақ. Түркіменстан елінен "атамекеніне" 265 қазақ оралады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы қоғам белсендісі Бурахан Дақанов мәлімдеді. 

Ол өзінің фейсбуктегі жазбасында:

"Сүйінші ағайын. Атамекенге соонау Түркіменстаннан елім— жерім деп 265 Қазақ келе жатыр. Сүйінші!!! Көбейіп келеміз тіпа тіпа. 265 ің 5—10 жылда өсіп өніп 2000 болмай ма???Бұдан артық не керек? Барынша таратып жіберіңіз. Бар қазақ көрсін. Қуансын.
Енді аман есен күтіп алып, жерсіндіріп жіберсек. Пікір бөлімінде көптеген проблемалар айтылып жатыр осы мәселе бойынша. Құзырлы органдар назар аударып, көшіп келуші тарапқа лайықты қызмет көрсетсе екен.
Көп ағайындар бұл кісілерді Солтүстікке көшіру керек деп жатыр. Алдынан бері айтып жүргендей, бұл ағайындарды Теріскейге әкеліп, жерсіндіру үшін арнайы Адаптациялық орталық керек. Әйтпесе аз паз қиналып қалады.
Адаптациялық орталық жайлы ұсынысымды Есен Елеукен мырзаның ютуб каналында шет жағасын айттым. Парақшамдағы бұрынғы жазбаларымда да бар.
Солтүстікке көшті қолдасаңыз маған достық жіберіңіз. Теріскей ауылдарын адамға, даласын малға ел боп, жер боп тізе қосып бірге толтырайық" деп жазды.

Пікірлер