2025 жылы 1 070 қазақ тарихи отанына оралды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жыл басынан бері Қазақстанға келген қазақтардың жартысынан көбі (51,9%) – Қытай Халық Республикасынан, 37,5% – Өзбекстаннан, 7,1% – Түркіменстаннан, 1,8% – Ресейден және 1,7% басқа елдерден келген», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 149 мыңнан астам қазақ оралған.