Алматыда азапталған қырғыз музыканты әділеттілік үшін күресетінін айтты

3587
Adyrna.kz Telegram

Биыл қаңтар айында Алматыдағы полицияда азапталғанын мәлімдеген танымал қырғыз музыканды Викрам Рузахунов 14 ақпанда видеоүндеу жариялады. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ол әділет үшін күресетінін айтты, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы ulysmedia.kz-сілтеме жасап жазады.

"Ұзақ ойландым. Музыка мен кәсіпке ештеңе болмағандай орала алмайтынымды түсіндім. ТМД елдеріндегі демократияны дамытуға, адам құқықтарына қатысты жағдайды жақсартуға үлес қосқым келеді", - деді ол.

Рузахуновқа қырғыз заңгерлері көмектеседі. Музыканттың әзірге нақты қай органға арызданатыны белгісіз.  10 ақпанда ол Қазақстандағы полиция күштері оны азаптағанын айтқан.

Рузахуновтың мәлімдеуінше, ол былтыр желтоқсанның аяғында Алматыға келіп, 7 қаңтарда еліне қайтып бара жатқан уақытта ұсталған. Оның құжаттарын, банк карталарын, ақшасын тартып алған. Үш күн қамауда болған қырғыз музыканты 10 қаңтарда Қырғызстанға қайтарылды. Бет-аузы көгерген, миы шайқалған, қабырғалары сынған Рузахунов Бішкекке жеткен бетте ауруханаға түсті.

Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде екі қырғыз азаматы қаза тапқаны мәлім болды. Онға жуық қырғызстандық қамаудан босатылды. Мәліметтерге қарағанда, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған бір қырғыз азаматы Тараз қаласында қамауда отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер