"Жемқор емес": Тамара Асар газ бағасын көтерді деп қамалған әкім орынбасарын қолдады

6808
Adyrna.kz Telegram

Отандық әнші Тамара Асар Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының қымбаттауына себепші болды деп қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қолдау білдірді. Ол Ғалымжан Ниязовтың халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтің ұрпағы екенін және тәрбие-біліммен толыққан текті кісі өз халқының нәпақасын жейтін жемқор, қылмыскер емес екеніне кәміл сенетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Тамара Асар өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Фотода жалаудың жанындағы жүзі жылы кісі Маңғыстау облысында ресми қызметтер атқарған, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, тереңірек таныстырсам, замана заңғары, әдебиеттің алыбы Әбіш Кекілбаевтың әкесі Кекілбайдың інісі Мұқырдың кенжесі Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов. Мұқыр әкей соғыс ардагері, ел басқарған, азулы адуынды қария еді. Қысқасы Ғалымжан асылдың сынығы, Әбіштің ұрпағы, бес баланың әкесі, Құдабайқызы Эльмираның құдай қосқан жары. Сүйектен қусам туысым, жүректен қусам қамқоршы адал дос-ағам!

Дәл осы азамат өзі туып өскен жерін қанап, қызметтегі лауазымын шектен тыс қолданып, газ бағасын қымбаттатып, халқының нәпақасын жеген жемқор дегенге сене алмай жүрмін. Себебі ол уызына қанған, тәрбие-біліммен толыққан текті кісі.

Қарындастық жүрекпен жазған осы жазбам Ниязовтар, Кекілбаевтар әулеттеріне сәл де болса рухани қолдау болса екен. Ақиқаттың таңы туып, Ғалымжан Мұқырұлының ақталуын Алладан тілеймін. Әділдікті құзырлы орындардан күтемін", - деп қолдау білдірді Тамара Асар.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Естеріңізге сала кетейік, Ғ.Ниязовқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы енгізілген болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер