Аймағамбетов ғылымда жүрген қыз-келіншектерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

2205
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ғалым әйелдердің мерекесі. Бұл күнге орай ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі ғылымда жүрген қыз-келіншектерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аймағамбетов еліміздегі ғалым қыз-келіншектерді өз әлеуметтік желісіндегі парақшасында құттықтады. Министрдің айтуынша, біздің елімізде ғылым саласында еңбек етіп жүрген 10 мыңға жуық әйел азаматтары бар.

Олар:

714-і ғылым докторы

2427 әйел – ғылым кандидаты

992-сі PhD докторы

28-і бейіндік докторлар.

“Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр. Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын”,-деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрінің мәлімдеуінше, бүгінде еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ы әйелдерден тұрады екен.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов коронавирус пандемиясымен күрес кезіндегі ғалым әйелдердің еңбегін ерекше атап өте келе, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалғанын тілге тиек етті.

“Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын. Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін”,-деді Асхат Аймағамбетов.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер