Жаңаөзенде мұғалімдер наразылыққа шықты

6390
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзенде мұғалімдер мектептерді жекеменшікке беруге наразы - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.

Педагогтардың пікірінше, заңнамадағы жаңа өзгерістер олардың жұмыс орындарына қауіп төндіреді. Сондықтан қаладағы бес оқу орнының мұғалімдері наразылық білдірді. Алайда шенеуніктер ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін, себебі бұл туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын, жоба әлі де МЖӘ аясында қарастырылып жатқанын айтты.

Маңғыстау облысының білім басқармасы инвестиция тартылса, мектептердегі білім мен материалдық-техникалық база жақсарады деп сенеді.

"Мәселе қазір талқыланып жатыр. Яғни, алда қандай міндеттер болады, ол қалай жүзеге асатыны туралы әлі шешім қабылданған жоқ. Алда білімді жетілдіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсаты тұр. Кейбір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осының барлығы келісім-шарт жасау барысында талқыланады", - деді басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер