Ерлан САИРОВ: Мемлекетімізде әлеуметтік әділеттілік принциптері орнығуы тиіс

2572
Adyrna.kz Telegram

Ерлан Саиров "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезіне қатысты пост жазып, аталған іс-шараның қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл Қазақстанның саяси тарихындағы аса маңызды тарихи оқиға болды. Тек қана партияның басшылығы ауысқан жоқ, елімізде саяси бағыт-бағдар ауысты. Дәлірек айтсақ, 30-жыл мемлекетті басқарған топ саяси аренадан кетті. Жалпы, біз министрлердің ауысуы, партияның басшылығының ауысуы жөнінде айтқанда одан ешқандай сенсация жасаудың қажеті жоқ. Адамның табиғаты сол- біреу келеді, біреу кетеді. Дәл сол сияқты саясатта да топтар ауысып тұруы қажет. Ондай ауысу болмаса, саяси организм тұрып қалған су тәрізді "борсып кетеді". Судың өзі "өлі суға" айналады. Міне, жүріс-тұрыстың, ауысып тұрудың мән-мәнісі осында. "Nur Otan" партиясынан осығанға дейін билеуші топ ауысып, кетті, деп жазды ол.
Елбасының және партия құрамының бұрынғы мүшелерінің еліміздің дамуына қосқан үлесін, 2004-жылға дейінгі Қазақстан мемлекетінің шекарасын бекіту, Елорданы көшіру, еліміздегі экономикалық реформаларды жасау жөніндегі еңбектерін ешкім жоққа шығара алмайтындығын баса айтты.
"Бұл мемлекетіміздің бұғанасының қатаюы, шаңырағының мығым болуына қосылған ерекше үлес!" деп жазды Ерлан мырза.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер