«Ресей кетпей ме деп қорқамын» — ҰҚК бұрынғы басшысы

10344
Adyrna.kz Telegram

«Қазақ көтерілісін Тоқаев фашистік Ресейге сатады деп үш ұйықтасам да түсіме кірмепті», - деп жазды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал-майор Әлнұр Мұсаев Facebook парақшасында. 

Ол 1997-2001 жылдары арнайы қызметті басқарған, оған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған. Соңғы 15 жыл бойы ол Австрияда тұрады. Әлнұр Мұсаев ел билігімен қақтығысқа байланысты туған жерін тастап кеткенімен, Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап отыр.

«Азаттық» радиосына берген сұхбатында Әлнұр Мұсаев соңғы апталарда қоғамдық кеңістіктен жоғалып кеткен Қазақстанның тұңғыш президенті мен оның отбасы туралы әңгімелеп берді.

- Мұсаев мырза, Нұрсұлтан Назарбаев неге үнсіз? Ол Қытайда, Дубайда немесе Ресейде деген нұсқалар да пайда болды, тіпті біреулер оны қайтыс болды, ауыр сырқатқа шалдыққан немесе үй қамауында қалды деген де пікірлер айтты. Сіздің нұсқаңыз қандай?

– Осыған дейін айтылған мәлімдемелерге қарағанда, оны Нұр-Сұлтанда деп болжауға болады.

- Елдегі ең маңызды оқиғалар туралы неге ештеңе айтпады?

– Менің ойымша, оның физикалық жағдайы мұндай күрделі мәселелермен айналысуға мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары ол тек өкілдік етті.

- Ол үйқамаққа алынған жоқ па?

- Мен олай ойламаймын. Негізінен мәселе оның жасы мен ауыр физикалық жағдайына байланысты секілді.

– Дариға Назарбаева да парламент отырысына келмеді. Оның ауырып қалғаны туралы шыққан ресми нұсқасына сене аласыз ба?

– Жоқ, мүмкін емес. Менің ойымша, оның отбасы мүшелерінің барлығы шетелде.

– Елдегі төңкеріс оларды да төңкеріп кетеді деп қорқып қашып кетті ме, әлде Тоқаевтан қорқа ма?

– Меніңше, біріншісі: олар революциядан қорқады. Біріншіден, Тоқаев пен Путиннің кейінгі әрекеттері оларға билік те оларға қарсы шара қолдана алатынын ескертті. Екіншісі: шетелдік шоттар, жылжымайтын мүлік олардың капиталы орналасқан жерде жеке қатысуын талап етеді.

 

– Қазақстан өзгере ме, әлде сәтсіз революциядан кейін түрікмендік деспотизмнің күйін кеше ме?

– Менің ойымша, Ресей кетпейді, ішімізде Ресейдің федералды округін құруға тырысады. Әрине, мен бұдан қатты қорқамын, бірақ болған жағдайдың бәрі Ресейдің протекторатында болатынымызды көрсетеді. Бүгінде біз заңды егеменді тәуелсіз мемлекетпіз, іс жүзінде бізді Ресей басып алды. Кез келген жағдайды қарап көріңіз, қазіргі уақытта басқа нұсқасы жоқ. Оның қалай жалғасатынын да айту қиын. Мен Тоқаев әлі де дипломатиялық жолмен Қазақстаннан әскерилерді шығара алады деп сенемін. Егер бұл орындалса, Қазақстан Түрікменстанға немесе азиялық деспотизмге айналмайды. Тоқаев міндетті түрде белгілі бір реформаларды жүргізіп, үлкен жеңілдеумен 2024 жылы бұл қызметті басқа адамға береді, Қазақстанның өркениетті қалыптасуы одан әрі дамиды. Өйткені, біз зайырлы мемлекетпіз, халық өте білімді, Тәжікстандағыдай қатал азиатизм жоқ. Сондықтан осындай даму жолынан үміттімін. Бірақ біздің басты тосқауылымыз – территориямызда орыс әскерлерінің болуы және олардың қалаларымызды күзетуі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер