Шөл дала гүлі: Сүндетке отырған қыздың өмірі. Босанудағы өлім

9896
Adyrna.kz Telegram

Мұсылман елдерінде «қызды сүндетке отырғызу» атты қоғамда резонанс тудырған салт бар. Тіпті, ғалымдардың өзі мұны денсаулыққа пайдалы екен айтады. Египетте 2008 жылдан бері 90 % пайыз қыз сүндетке отырған. "Адырна" ұлттық порталының тілшісі осы тақырыпты тарқата баяндайды.

Ресейде алғаш рет қызды сүндеттеу бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін жеткен. Дағыстанда жыл сайын мыңнан астам әйелдің жыныс мүшесіне ота жасау фактісі тіркеледі.

55 жастағы танымал актриса, жазушы, модель Варис Дириенің биографиясына сүйене түсірілген «Шөл дала гүлі» атты фильм 2010 жылы жарық көрді. Фильм желісі «қызды сүндетке отырғызу, оның өмірлік зияны» туралы баяндалады.

Варис Дирие кім?

Подиум жұлдызы Варис «Сомали» көшпенділерінің тайпасында 1965 жылы дүниеге келген. Атауы «шөл гүлі» дегенді білдіретін арудың нақты туған күні белгісіз. Рулық дәстүрге сәйкес ата-аналар балаларының туған күнін де есте сақтамайды екен. Варистің 11 ағасы мен әпкелері болған. Олардың алтауы балалық шағында және жасөспірім кезінде қайтыс болған.

Варис Дирие – Шығыс Африкадан шыққан модель.

Модельдің екі әпкесі «сүндеттеудің» құрбаны болған. Біреуі екі күннен кейін қайтыс болса, екіншісі 10 жылдан кейін босана алмай қайтыс болған. Мәселе мынада: варварлық процедура, оның мәні болашақ әйелді жақындық рахатынан мәңгілікке айырады.

5 жасында Варис те сүндетке отырғызылды. Інілері мен қарындастарын бағып, мал жайып жүрген қызды 13 жасқа толғанда, бай қартқа күйеуге бермек болады. Күйеу жігіт ата-анасына қалыңдық үшін 5 дромедария (бір өркешті түйе) уәде етеді.

Бірақ, Варис қашуға шешім қабылдады. Қыздың анасы қызының қашу процесіне көмектеспеді, бірақ ол оның қашып кетуіне де кедергі болмаған.

Дирие депортациядан аулақ болу үшін ағылшын тілін үйреніп, мейрамханада даяшы ретінде жұмыс істеді. Сән фотографы Теренс Донован әдемі қара нәсілді қызға көзі түсіп, оған модельдік жолды ұсынады.

Ұсыныстың арқасында Варистің 1987 жылғы фотосуреті Пирелли күнтізбесінің басты бетінде жарияланған.

20-шы ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдардың басында Варис сәнді брендтердің бет-бейнесіне айналды, журналдың мұқабасында жарқырады.

Джеймс Бондтың «Көзден шыққан ұшқындар» фильміне түсті.

1997 жылы модельдік мансабының биік шыңына шыққан кезде Дирие «Мари Клэр» әйелдер журналының тілшісі Лаура Зивке берген сұхбатында «қыз балаларды сүндеттеу»туралы бар шындықты айтып береді. Сұхбат үлкен резонанс тудырады. Кейін Варис варварлық процедурамен күресу үшін БҰҰ-ның елшісі болып тағайындалады.

Дирие жазушы және публицист Кэтлин Миллермен бірге өзінің алғашқы «Шөл гүлі» романын жарыққа шығарды. Модельдің өмірбаяны бестселлерге айналды.

2002 жылы Дирие Венада әйелдердің жыныс мүшесіне зақым келтіру барысымен күресу үшін қор құрады. Варистің айтуынша, қазіргі кезде миллиондаған қыздарды мүгедек етіп отырған варварлық әдет-ғұрыпты жеңудің жалғыз жолы – әйелдің күйеуіне масыл болмауы. Финанс жағынан тепе-теңдіктің сақталуы басты рөлде.

Актриса әйел құқығын қорғау барысындағы күресін жалғастыруда.

Варистің жанкүйерлері жыл сайын әлемнің әр түкпірінен «Әйелдерді сүндетке отырғызу – тазарту емес, қылмыс» және «Әйелдер құқығынсыз адам құқығының болуы мүмкін емес» ұранымен түрлі бейнежазбалар жариялайды.

PS: Феминизмді қолдайтын әйелдер қауымын қоғам қабылдамайды. Бірақ әйелдің құқығы әр елде әр түрлі жолмен тапталуда. Әйел – ана, әйел – көпір…

"Адырна" ұлттық порталы,

Інжу ӨМІРЗАҚ

Пікірлер