Қазақстандық фильм Калифорниядағы қысқа метражды фильмдер фестивалінде марапатталды

2224
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық ерекшеліктері бар балалар туралы қазақстандық фильм Калифорниядағы қысқа метражды фильмдер фестивалінде марапатқа ие болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Деректі жобаның атауы – «Шектеусіз үміт» (Endless Hope). Картина продюсер Данияр Уалиевтің жетекшілігімен жасалған. Фильм «Үздік деректі қысқаметражды фильм» және «Балалар мүгедектігі мәселесін қамтитын үздік фильм» деген екі марапатқа ие болды.

Фильмде бес отбасының өмірі туралы баяндалады. Церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балалар «күн сайын, бір қарағанда, еңсерілмейтін қиындықтарды жеңеді».

Режиссер Марат Телеуов олардың денсаулығының ерекшеліктеріне қарамастан, балалар армандауды тоқтатпайтынын атап өтті. «Олар оқиды, болашаққа жоспар құрады, қарым-қатынас жасайды және ата-аналары оларға үлкен қолдау көрсетеді», - деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер