Алматы қаласын сумен қамту бойынша бірнеше жоба іске асырылуда

2696
Adyrna.kz Telegram

Алматыда сумен қамтудың және судан бөлудің инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда. Қала әкімі Б. Сағынтаев  Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қаладағы ықшам аудан тұрғындарын сумен қамту және судан бөлудің орталықтанған жүйесіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы Almaty.tv. хабарлаған болатын.

Қазақстандық компания "ЭНКО" ЖШС жылу және сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды өндіруге және жеткізуге мамандандырылған. Кәсіпорын карантин кезеңінде жұмысын жалғастырды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, мегаполисте қала маңын орталық сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп  атап өткен жөн. жатқанынБірнеше ықшамаудандарда су құбыры және кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Компанияның өз өндірісі бар және 20-ға жуық өнім түрін шығарады. Олардың ішінде блокты жылу пункттері, сорғытатын станциялары, жылу алмастырғыштар, басқару шкафтары, коллекторлық тарату тораптары, балшықтар және суды жылыту қондырғылары бар.

Бүгінгі күні Алатау ауданындағы Самғау мен Ақбұлақ ықшам ауданында, Медеу ауданына қарасты Думанда, сондай-ақ Алмалы ауданындағы Аренский көшесінде (25-30 үй) сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін жүргізу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазір желіде суды іске қосу процесі жүріп жатыр (сығымдау, кесу). Тұтынушылар «Алматы су» мекемесімен шарт жасасып, желілерге қосылуы қажет.

Жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Шапағат, Алғабас, Өжет ықшам ауданында, Бостандық ауданына тиесілі Көкшоқы, Медеу ауданы бойынша Көлсай, Түрксібке қарасты Қайрат және Жетісу ауданындағы Кемел ықшам ауданы мен Қазыбаев көшесінде (1 мың үй) сумен жабдықтау және су бұру бойынша инженерлік желілердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұлардан өзге, жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Томирис, Шаңырақ-2, Ұлжан-1 ықшамаудандарында кәріздік сорғы стансаларын (КСС) салуды аяқтау жоспарланған.

Осылайша, Алматы тұрғындарын сумен қамтудың орталықтанған жүйесіне қосу 98%-ды немесе шамамен 1 878 500 адамды құрайтын болады.

Неге кәсіпкерлер үшін Алматы қаласында кәсіпорын ашқан тиімді?

Индустриялық аймақ — жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және бірінші кезекте Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын – машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға арналған. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың тұрғын аудандарынан көшіруге, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.

Индустриалды аймақтың кәсіпорындар үшін тартымдылығы бірнеше факторларға байланысты:

- Инженерлік инфрақұрылымның дайындығы: электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз объектілері, автомобиль байланыс жолдары және теміржол кірме жолдары, транспорттық-логистикалық орталық қазірдің өзінде аумақта бар.

- Орналасқан жері, индустриалды аймақ Алматы қаласында орналасқан. Бұл ҚР-дағы ең ірі еңбек нарығы мен өнеркәсіптің кез келген саласы үшін білікті мамандарды табуға мүмкіндік береді.

- Қаланың кез келген жеріне көлікпен тез жету қызметі іске асырылды.

- Елдің және шетелдің кез келген бөлігіне логистикаға қолжетімділікті қамтамасыз ететін жеке теміржол станциясы бар.

 

Аяулым ӘБІЛДА

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер