Полиция мен әскер де халықтың баласы емес пе?

2918
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяда мемлекеттік карантин кезінде полиция мен әскер күші қолданылған жоқ. Неге бұлай болғанын білесіз бе?

Оңтүстік Корея мемлекетте тұтас карантин жасап, коронавирусты жеңіп шыққан ең бірінші ел болып тұр. Бірақ елде әлі мектептер мен университеттерде оқу басталған жоқ. Әдеттегідей қашықтықпен оқыту жалғасып жатыр. Мұның барлығы сақтық шаралары үшін қолға алынған.

Оңтүсітік Корея 2020 жылдың 18-19 қаңтары күні коронавирустың алғашқы жұқтырғандар белгілі болған сәттен бастап елдің билігі бірден карантин жариялаған. Ең бір қызығы, мемлекетті карантинге алған кезде полиция мен әскер күші қолданылмаған. Тек қана жоғарғы билік жоғарғы трибунада ескерткен, халық құлақ асып, көшеге шықпай үйлерінде отырған.

Не үшін елдің әскері мен полициясы блокпосттарды жасап, жол жолдарды бекітіп тастаған жоқ?

Себебі, бұл елде халықтың саяси мәдениеті мен қоғамдық ортадағы мәдениеті өте жоғары деңгейде дамыған. Мемлекетте жемқорлық деген дерт атауымен де жоқ. Кореялықтар жемқорлық жағдайына кез болғанда «Сен менің және мемлекеттің ар-намысын таптап тұрсың ба?» деп өзіңе бас салады екен.

Осыдан біраз уақыт бұрын әуе компаниясының президентінің қызы бір әуе рейсін тоқтатқаны үшін мемлекет халқының алдында айыпталып, кешірім сұрап, жазасын алған болатын. Міне, тазалық пен идеология, мемлекетшілдік деген осы.

Мемлекеттің билігі халыққа сенеді, халық мемлекеттің билігіне сенеді. Билік пен халықтың арасында келісім мен ымыра жақсы деңгейде жүреді. Коронавируспен күресте бұл елдің медициналық әлеуеті өте жоғары деңгейде екені әлемге паш етілді. Маскаларды халыққа тегін таратты. Мұның бәріне мемлекет кепілдік беріп отырды. Тіпті, АҚШ-тың мамандары кореялық медициналық құралдарға сұранысын күшейтті.

Бір қызығы, Оңтүстік Кореяның жұртшылығы еліндегі қытайлық студенттердің өз отандарына қайтарылмағанына наразылық жасап, жүз мыңдап митингіге шығып, ашық талап етті. Бірақ билік белсенді азаматтарды тұтқындаған жоқ. Елге әлеуметтік көмек мемлекет тарапынан жеткілікті жасалып отыр. Елдің наразылығы орынды екенін түсініп, билігі жағдайдың бәрін реттеп отырды. Мемлекеттің халқы «Біз бір адамдай жұмыс жасаймыз!» деген ұранмен әлем алдында эпидемияны жеңіп шығып отыр. Оңтүстік Корея сияқты біз де саяси мәдениетіміз бен қоғамдық ортадағы мәдениетімізді қалыптастырып, қашан біртұтас болып жұмыс жасай аламыз? Олардан еш жеріміз кем емес қой...

Ал, бізде жағдай қалай?
Біздің саяси мәдениетіміз бен қоғамдық ортадағы мәдениетіміз қандай?
Біздің биліктің саяси әрі мәдени деңгейі қандай?
Өзіңіз ойлап қараңыз, полиция мен әскер де халықтың баласы емес пе? Қарапайым халық сияқты олардың да өміріне қауіп төнбей ме? Полиция мен әскерді блокпосттарға қоймаса біздің халық сақтандыру талаптарын орындай алар ма еді?
Халық пен биліктің арасында сенім болса, неге бізде блокпосттар қойылып жатыр?
Бұл сұрақтарға сіз не дейсіз?

Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер