Франция Украинаға жүздеген миллиард еуро көмек беруді ұсынды

921
Adyrna.kz Telegram
фото: usbanov/12972
фото: usbanov/12972

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ Украинаға жүздеген миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW басылымына сілтеп.

Макронның айтуынша, 6 наурызда өтетін Еуроодақтың кезектен тыс саммитінде Украинаға қолдау көрсету және Еуропаның қауіпсіздік жүйесін құру мәселелері талқыланады. Ол Еурокомиссияға Украина үшін ауқымды қаржыландыру бағдарламасын іске қосу туралы тапсырма берілуі мүмкін екенін атап өтті.

Франция президенті Еуропаның қауіпсіздігі үшін АҚШ-тың қолдауын сақтау маңызды екенін айтты. Алайда, оның пікірінше, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Ресеймен келісімге келуге бейім, бұл – қателік.

Макрон Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірге Украинада еуропалық бітімгерлік күштерін орналастыру туралы бастаманы ұсынғанын да мәлімдеді. Ол бұл қадам Киевке қауіпсіздік кепілдігін беру үшін маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Франция басшысы Ресейді Еуропа үшін “экзистенциалды қауіп” деп атап, Трампты Украинамен диалогты жалғастыруға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер