Ақ үйден кеткеннен кейін алғаш рет. Байден Трампты қатаң сынға алды

539
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Ақ үйден кеткеннен кейін алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Джо Байден кеше Чикагода өткен конференцияда сөз сөйлеп, сол жерде оған «Үміт шамшырағы» сыйлығы табысталды. Бұл шараны америкалық телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

Байден президент Дональд Трамптың екінші мерзімін ашық сынға алып, оның Әлеуметтік қамсыздандыру агенттігіне қатысты әрекеттерін «бұзушы» деп атады.

«Не болғанына қараңыздар. Жаңа әкімшілік небәрі 100 күн ішінде қаншама зиян келтіріп, қаншама нәрсені бүлдіріп үлгерді. Бұл осынша қысқа уақыт ішінде осындай оқиғалардың орын алуы – шын мәнінде есіңді шығарады», – деді Джо Байден.

Ол Трамптың атын тікелей атамай, «анау жігіт» деген тіркесті қолданды.

Экс-президент мемлекеттік қызметкерлердің жаппай қысқартылуын және елдегі нәсілдік әділетсіздікті де сынға алды.

«Бұл уақыт аралығында 7 мың қызметкер жұмыстан кетті, олардың арасында ең тәжірибелі кадрлық шенеуніктер де бар. Енді олар тағы мыңдаған адамды шығарып тастауға дайындалып жатыр», – деді Байден.

Сондай-ақ, ол федералды қызметкерлер мен мемлекеттік шығындарды қысқартуды жақтайтын Илон Маскты тікелей атамай, жаңа әкімшіліктегі мәдениетті «техностартаптарға» теңеп, сын айтты.

«Олар техностартаптарға тән ескі ұранды ұстануда –“Тез қозғал, бәрін бұз”. Олар расымен бәрін бұзып жатыр. Алдымен атады, кейін көздейді. Соның салдарынан қажетсіз ауыртпалықтар мен ұйқысыз түндер туындайды», – деді Байден.

Саясаткер қазіргі Америка тарихында ел ешқашан дәл осылай бөлінбегенін айтып, халықтың 30 пайызының «жүрегі жоқ» деп бағалады.

Байден республикалық партияны әлеуметтік қамсыздандыру агенттігін қасақана күйретуге ұмтылып отыр деп айыптады. Оның айтуынша, олар осы арқылы әлеуметтік қамсыздандыру қорының қаражатын пайдаланып, Трамптың бірінші мерзімінде қабылданған салықтық жеңілдіктерді ұзартқысы келеді.

«Бұл не үшін болып жатыр? Неге олар әлеуметтік қамсыздандыруды көздеп отыр? Олар оны қиратқысы келеді. Неге? Себебі тонау үшін. Ал не үшін тонағысы келеді? Миллиардерлер мен ірі корпорацияларға салықтық жеңілдіктер беру үшін. Олар 2017 жылғы жеңілдіктерді тұрақты еткісі келеді, ал бұл жеңілдіктер негізінен ең бай америкалықтарға және алпауыт компанияларға пайда әкелді. Бұл 5 триллион долларға түседі. Олар бұл ақшаны қайдан алады? Олар бюджет тапшылығын ұлғайта береді. Бұл – олардың әрдайым жасайтыны. Ал сосын ақшаны басқа жақтан алады», – деді Джо Байден.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер