Алматыда өткен Азия чемпионатында елордалық мектептің 10-сынып оқушысы алтын медаль иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Азия чемпионатына Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Қазақстанның ең мықты шахматшылары қатысты.
Нью-Делиде өтетін Әлем кубогына жолдама үшін өткен тартысты додада Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Аңсат Алдияр абсолютті жеңімпаз атанды.
Он бес жастағы шахматшы енді Үндістанда өтетін әлем чемпионатында Орталық Азияның намысын қорғайтын болады.
Айта кету керек, бұл дарынды оқушының әлемдік аренадағы алғашқы жеңісі емес — Аңсат Алдияр бұған дейін де Азия және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері атанған.