Тоқаев Алматыға келді - баспасөз хатшысы

2702
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/izobrazhenie_2022-01-12_145850.png
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп хабарлайды "Адырна".
"Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол қалада өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесті. Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың жақындарына көңіл айтып, марапаттарын табыс етті", - деді Берік Уәли.
Сонымен қатар, баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында болып, шұғыл көмек көрсетілетін зардап шеккендерге барып, олардың денсаулықтарын білді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии