Экономика тұрақтап, жалақы көтеріледі - Әлихан Смайлов

369

Бірнеше минут бұрын Қазақстан Республикасының жаңа Премьер-министрі болған Әлихан Смайлов Президент пен Парламент алдында қысқаша сөз сөйледі, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Ол Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларының бәрі уақытылы орындалатынына уәде берді.

«Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басты міндет болады», — деді Смайлов.

Ол тиімді макроэкономикалық саясатты іске асырып, жаһандық өзгерістердің әсеріне ұшыраған инфляцияны төмендету басты міндет болатынын айтты.

«Экономикалық өсуді орта мерзімді уақытта 5% деңгейіне жеткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылады», — деді жаңа Премьер-министр.

Сондай-ақ Смайлов «Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл ауқатын арттыру, сондықтан, мемлекет бюджеті тиісті шараларға жұмсалады», — деді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket