Бүгін президент Тоқаев жаңа Премьер Министрдің кандидатурасын ұсынады

2817
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөз сөйлейді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысының Парламентте сөйлеген сөзі сағат 11.15-ке жоспарланған. Онлайн трансляция «Хабар24» арнасында болады.

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды. Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді." деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы өзінің Facebook-де.

Бұған дейін ол (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезектен тыс отырысында 11 қаңтарда Парламентке үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгізіп, әлеуметтік-экономикалық саладағы өткір мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер қоятынын атап өтті.

Сондай-ақ, кадрлық ауыс-түйіс туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли де мәлімдеді. "Президент үкіметті отставкаға жіберді. Қазір барлық министрлер міндетін атқаруда... Кімнің кететінін, кімнің тағайындалатынын президент өзі шешеді. Үкімет қайтадан жасақталады. Әрине, кадрлық өзгерістер болады", - деді ол Хабар24 арнасында.

5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Премьер-министрдің міндеті уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер