Ақтөбе облысында тәртіпсіздіктер салдарынан 50-ден астам адам медициналық көмек алған

209

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында ахуал тұрақты. Облыста кешкі сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Облыс аумағындағы барлық автожолдарға 10 блок-бекет қойылды. Қазір блок-бекеттерде полиция және қорғаныс қызметкерлері жұмыс істеп тұр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Кіріп-шығып жатқан жолаушылардан тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде. Ал блок-бекеттерде тыныштықты сақтап тұрған әскерилерге жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ жеткізуде.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбеде коменданттық сағат тәртібін бұзған 400-ге жуық, шеру кезінде тәртіпсіздік ұйымдастырған 11 адам ұсталса, өткен тәулікте 89 тұрғын полиция бөліміне жеткізілген. Олардың ішінде 32 адамға әкімшілік жаза қолданылған.

Жалпы Ақтөбе қаласында болған тәртіпсіздік салдарынан 14 полицей зардап шеккен. Оның екеуі бүгінде ауруханада жатыр.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапановтың айтуынша, аталған ауруханаға медициналық көмек алуға 50-ден астам адам жүгінген. Оның 15-і ауруханаға жатқызылған. Олардың қатарында әскерилер мен полиция қызметкерлері бар.

Жалпы облыс бойынша тәртіпсіздіктер кезінде денсаулығына зақым келген азаматтар туралы  нақты ақпарат жоқ.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket