МҰХТАР ТАЙЖАН: Бізге жаңа Үкімет керек!

4244
Adyrna.kz Telegram

Бұл үкіметтің және НПП Атамекеннің экономикалық дәрменсіз саясатының салдарынан халықтың күнкөріс деңгейі әбден төмендеп кетті. Бүгінгі халықтың наразылығы - шынайы экономикалық реформа жоқтың қасы.

Шынайы реформаны істеткізбей отырған сөзсіз олигархат. Бүгінгі таңда Kazenergy және НПП Атамекеннің бастықтары неге үнсіз? Маңғыстауға барып халықтың алдына шықпай ма, проблеманы шешіп береміз деп?
Немесе анау экономика министрі, балақайымыз қайда? Есімін да ұмытып отырмын. Қайда олар? Жоқ қой, тығылып отыр. Интригадан басқа ештеңе білмейді.
Қазір Жаңаөзенге барған Тоғжанов пен Ноғаевтың комиссиясы бірдеңе шешеді деп ойламаймын. Бұл жерде басқа, түбегейлі шешімдер қабылдану қажет, менің ұсынысым:
Президент Тоқаев мырза Асқар Мамин басқарып отырған мына үкіметті отставкаға кеттіріп, халық және президенттің өзі сенетін жаңа үкіметті жинау керек. Сол жаңа үкіметтің қатарына Нұротанан тыс адамдар да кіру керек.
Нақты айтам, маған халық пен президент сенім артса өз басым экономикамызды түзетуге ат саласуға дайынмын. Нәтижені бір жылдың ішінде көрсетуге болады.
Қазақстан секілді соншама бай елде халық соншама кедей болғаны - нонсенс. Бұндай нонсенсті қысқа мерзімде өзгертуге әлбетте болады.

Пікірлер