Ен далада із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды

940

3 қаңтарда 14 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір оны дәрігерлер тексеріп, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ен далада жоғалып кеткен жасөспірім табылды.

3 қаңтарда 14 жастағы Кирилл Дукарт үйірдің соңынан атпен кетіп, жоғалып кеткен, деп жазады alau.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар қызметінің полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 110 адам, 26 техника жұмылдырылған.

Сағат 23:46 шамасында бала Майкөл ауылдық округіне қарасты Шеминовка ауылынан табылды.

Кириллдің айтуынша, қарлы боранның кесірінен ол адасып, қайтар жолын таба алмай, сағат 23:30-да Шеминовка ауылына адасып, бірінші кездескен үйді қағып, жылынып алуын өтінген. Сол жерден олар кейін жоғалған адамның табылғаны туралы хабарлады.

Баланы дәрігерлер тексеріп, ата-анасына тапсырды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket