«Ten Qogam» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті

276

«АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Ten Qogam» мобильді қосымшасын таныстырды. Қосымша Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мүгедектігі бар адамдар үшін құқықтар, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту және басқа да көптеген мәселелер туралы өзекті жүйеленген нақты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жобаны «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жуырда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ten Qogam» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Бүгінгі таңда қосымшаны Play Market-тен жүктеп алуға болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында 26 000-нан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Технологиялардың қарыштап дамуына қарамастан, осы адамдар үшін қажетті ақпаратты қамтыған сапалы мобильді қосымшалар мен сайттар әлі де жоқ. Жоба командасы мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына арналған қазақ және орыс тілдерінде «Ten Qogam» мобильді қосымшасын әзірледі.

«АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім былай деп атап өтті:

«Бұл қосымша мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне заңдардағы соңғы өзгерістер мен мәдениет объектілерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы инватакси қызметтерін пайдалану, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды».

Қосымшада келесі блоктар бойынша өзекті ақпарат бар: құқықтар, жеңілдіктер, оқыту, жұмыспен қамту, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және т. б. Барлық ақпарат кез-келген құрылғыдан кіруге ыңғайлы болу үшін https://tenqogam.kz/ сайтында қайталанады. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін өзекті ақпаратты қамтитын «Қызметтер және сервис» қосымша бетін барлық облыстарға кеңейту жоспарлануда.

Мобильді қосымшаны әзірлеуге халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Нұр Отан» партиясы және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын фокус-топтар қатысты. Фокус-топтардың қатысушылары қосымшаның өзектілігін атап өтті және өз тараптарынан қосымшаның мазмұны мен функционалы бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Мысалы, олар қолжетімділік элементтерін көрсете отырып, пайдаланушыларды мәдени-демалыс іс-шаралары туралы хабардар ету үшін қосымшаны пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, қосымшаға «Спорт» қосымша бетін қосу ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Ten Qogam» мобильді қосымшасын жетілдіруге және ілгерілетуге көмек көрсетуге келісті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket