Тоқаев Құрмет Талапқазыны «Халық алғысы» медалімен марапаттады

5272
Adyrna.kz Telegram

Биыл еліміздің батыс өңірлеріндегі қуаңшылыққа байланысты еріктілерді біріктіріп, сол облыстарға жем-шөп жіберуге айрықша үлес қосқан Құрмет Талапқазы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» медаліне ие болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықтың алғысына бөленген Құрмет Талапқазыға марапатты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев тапсырды.

Құрметтің отаншылдығы жастарға үлгі болатынын айтқан басқарма басшысы оған естелік сыйлық ұсынып, Түркістан өңірінің еңбекқор жұртшылығы игі бастамаларды әрқашан қолдап келе жатқанын атап өтті. Азаматқа елдің ықыласы ерекше екенін жеткізді.

Еске салсақ, қоғам белсенділері әлеуметтік желі арқылы биыл ала жаздай қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына шөп жинап көмек көрсеткен Құрмет Талапқазыға Тәуелсіздік күніне орай құрмет көрсетілуін талап еткенін жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер