Қазақстанда АЭС салу 10 жылға созылуы мүмкін – Энергетика министрі

2925
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы атом электр станциясының болашақ құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, еліміз халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін АЭС қажеттілігін көреді.

«Биыл біз белгілі бір тапшылықтың куәсі болып, электр энергиясын импорттауға мәжбүр болдық. Ресейден жоспарланбаған ағындар болды. Тиісінше, қазір 2035 жылға дейін өндіріс пен тұтыну электр энергиясының теңгерімін жасадық. Біз халықты және экономикамызды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін АЭС салу қажеттілігін анық көріп отырмыз»,— деді ол ОКҚ брифингінде.

Энергетика министрлігінің басшысы кез келген станция, бірінші кезекте АЭС салудың жылдам мәселе емес екенін еске салды. Айтуынша, оған орташа есеппен 10 жылға дейін уақыт кетеді.

«Бұл мәселе 2013 жылдан бері талқыланып келеді. Осы уақыт ішінде әр түрлі жер учаскелері олардың сейсмикалығына, инфрақұрылымдардың болуына байланысты зерттелді. Шорт-парақта қазір екі орын бар. Бірі — Үлкен ауылы, екіншісі-Курчатов ауылы. Сейсмикалық жағынан олар қолайлы»,– деді Мырзағалиев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер