Мемлекеттік қызметкерлерге такси жүргізуші болуға рұқсат берілмек

413

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова заңға мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан бос уақытында қосымша табыс табуға рұқсат етілетін түзетулер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ОКҚ брифингі барысында журналистер Жайылғановадан мемлекеттік қызметшілерге негізгі жұмысынан басқа қосымша табыс табу мүмкіндігі туралы сұрады.

- Қазіргі уақытта заңнамада мұндай норма жоқ, бірақ болашақта ондай норманы енгізуді көздейміз. Түзетулерді әзірлеп жатырмыз, - деді агенттік басшысы.

Анар Жайылғанова бұл шенеуніктерге бизнеспен айналысу мүмкіндігін беру емес екенін түсіндірді.

- Кәсіпкерлік емес. Бұл қосымша жұмыс туралы. Мысалы, бос уақытында такси жүргізушісі болып жұмыс істей алады. Сонымен қатар, егер отбасын асырау үшін қосымша қаржы қажет болса, табыс таба алады. Қазір түзетулер дайындалып жатыр. Бұл әлі қабылданбаған норма. Кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады, - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket