Жалақы жан бағуға жетпейді: Жедел-жәрдем қызметкерлері наразылық білдірді

2984
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттің жедел жәрдем жүргізушілері 22 желтоқсанда наразылыққа шықты. Себебі алған азғантай жалақымыз жан бағуға жетпейді. Оның үстіне күнде бұзылатын көліктерді өзіміз жөндеуге мәжбүрміз дейді. Ал станса басшылығы жүргізушілер көтерген мәселеден бейхабар болып шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 31 арнаның

">“Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жедел жәрдем жүргізушілері тез арада басшылық жалақымызды көтеріп бермесе жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отыр. Себебі қазір алатын айлықтары шайлықтарына жетпейді. Айтуларынша, медициналық мекеме ұсынған көліктер де жиі бұзылады. Ал стансада қажетті қосалқы бөлшектер жоқ екен.

Ашынған жүргізушілер стансада көліктің жарылған дөңгелегін жамайтын вулканизация да жоқ деді. Яғни кейде көліктің желін үрлеп, дөңгелегін ауыстыру үшін сағаттап кезекке тұрады. Сөздерінше, жұмыс бабындағы мұндай қиындықтардың кесірінен көмек күткен науқасқа жедел жету мүмкін емес. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жүргізушілер айтқан мәселеден хабарсыз болып шықты. Тіпті жақында ғана жаңа көліктер алдық деп ақталды.

“Маған жалақы аз, 200-300 мың деп ондай талап қоятын сіздердің ешқандай құқықтарыңыз жоқ. Себебі бізде бәрі заңмен, нормативпен бекітілген. Нақты көрсетіңіздер. Осы күні мен осындай қосалқы бөлшекті сатып алдым, басқасын. Себебі оны сатып алуға тек қана осы жедел жәрдем подстансасынан алу керексіз”, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов. 

Дегенмен басқарма басшысы жалақы келесі жылдан бастап көтеріледі деп сендірді. Сондай-ақ әр жүргізушіге 53 мың теңге көлемінде үстемақы беріледі екен. Ал қосалқы бөлшектерді сатып аламыз деген уәждеріне қатысты ішкі тексеру жұмыстары басталды. 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер