Алматылық НЗМ оқушысы АҚШ университетіне ресми шақырту алды

4304
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әлима Тұяқаева Айви лигасынан Пенсильвания университетіне оқуға ресми шақырту алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

ҚазАқпараттың мәліметінше, Пенсильвания университетінде қазақстандық оқушы қыз жетекші практиктер мен бизнес көшбасшыларының лекцияларын тыңдауға, нейромаркетинг бойынша инновациялық зерттеулерге қатысуға және жетекші компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Әлима толық қаржыландыру грантының иегері ретінде Уортон бизнес мектебінде бизнес және маркетинг мамандығы бойынша оқуды жоспарлап отыр. Бұл оқу орны АҚШ бизнес мектептері арасында бірінші орында.

Оның түлектері: Илон Маск пен Уоррен Баффет, т. б.

Қыздың анасы Әлима жастайынан бастамашылық танытып, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, еріктілікпен де айналысқанын айтты.

Белгілі болғандай, Әлима үш жыл бұрын мақсат қойып, демалыссыз тер төккен.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер